сенбі, 21 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 7 04.12.2023 17:0

Елордада Есіл ауданының жаңа жылдық келбетіне 848 миллион теңге жұмсалады

Астананың бір ауданын безендіру мақсатында миллиондаған теңге жұмсалмақ, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы ҚазТаг-қа сілтеп.

Астанадағы Есіл ауданын мерекелік безендіру қызметтері бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсын бірнеше рет осындай байқауларда жеңіске жеткен ЖШС жеңіп алды.

Тапсырыс беруші Астана қаласы «Есіл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі; атауы – елді мекенді/ауданды/қаланы мерекелік және басқа да іс-шараларға дайындау/көркемдеу жөніндегі қызметтер; жоспарланған сома – 848 214 285,71 теңге; лоттың мәртебесі – сатып алу, - делінген мемлекеттік сатып алу порталында орналастырылған лоттың сипаттамасында.