сенбі, 21 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 11 05.12.2023 10:7

Әйел балаларына қарай алмай, полицияға беріп жіберген

Алматы облысында әйел балаларын полицияға тастап кеткен, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы Информбюроға сілтеп.

Әйел адам екі баласын қарай алмағандықтан, оларды полиция қызметкерлеріне тапсырып кеткен. Қарасай ауданында кәмелетке толмағандарды қабылдайтын орын болмаған. Ана қарауынсыз қалған екі бүлдіршін қазір Шамалған ауылындағы ауруханада.

2 және 5 жастағы балаларды анасы тәртіп сақшыларына әкелген. Кейін бүлдіршіндер жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген. 

“Қазіргі уақытта балалардың жағдайы жақсы. Осында тамақ ішіп, есік алдына серуендеуге шығады. Екі медбике тәулік бойы қарап жүр. Бірақ мұнда түрлі дертпен түсетіндер саны көп болғандықтан, әрине қорқыныш та бар”, – деді Қарасай аудандық орталық ауруханасы педиатрия бөлімінің дәрігері Байрам Асланов.