сенбі, 21 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 15 05.12.2023 11:3

Астанада бір күнде 63 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Астанада 63 жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Астана қаласы ПД баспасөз қызметі тұрғындарға үндеу жасады.

Астана полиция департаментінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында таратқан мәліметте, 4 желтоқсан сағат 20:00-ден 5 желтоқсан сағат 07:00-ге дейін елордада 63 жол-көлік оқиғасы тіркелгені айтылды.

"Ауа райының қолайсыздығына және жауын-шашынға байланысты жүргізушілерден аса сақ болуды, белгіленген жылдамдықты қатаң сақтауды, көлікті кенет тежеуді болдырмауды, қашықтықты сақтауды сұраймыз. Жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер де аса сақ болуы керек", - делінген полиция хабарламасында.