сенбі, 21 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 22 05.12.2023 11:45

Ерке Есмахан босанғаннан кейін қанша салмақ тастағанын айтты

Қазақстандық танымал әнші Ерке Есмахан босанғаннан соң қанша келі болғанын айтты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Ерке Есмахан жүктілік кезінде қосқан артық салмақтан арылып жатқанын айтып, Instagram желісінде жазды.

Босанғаннан кейін, 61 келіге түстім. Арқа мен қол, аяқ пен буындарыма массаж алып бастадым. Дененде ісік те қалмауы керек екен. Дәрігерлер рұқсат берді. Ішке ғана тиіспеймін. Шілде тер шығарудамын. Қалжаланып, сорпаланып жатырмын. Мақсатым – 53 келіме оралу. Емізіп жүргесін әрі бөпемді де уайымдап, барлық тамақты жеп жатырмын. Көп дәрумен ішіп жатырмын, – дейді әнші. 

Еске салайық, өнер иесі жақында екінші рет ана атанып, ұлды болған еді.