сенбі, 21 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 74 05.12.2023 12:48

Әнші Сейфуллин Жолбарыс екінші рет үйленуінің себебін айтты

Қазақстандық танымал әнші Сейфуллин Жолбарыс екінші рет отбасын құруының басты себебін айтты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Әнші екінші келіншегіне үйленуінің себебін "Менің өмірім" бағдарламасында айтты. Өнер иесі ата-анасына қарайтын адам керек болғандықтан үйленуге шешім қабылдаған.

Қазіргі келіншегі Екатерина әншінің бұл талаптарына көніп, бүгінде енесінің бар жағдайын жасап отыр екен.

"Екінші рет үйленгенде тұрған ешнәрсе жоқ, мысалы менің анам әкемнің төртінші әйел. Сонымен қатар ата-анама қарайтын адам керек болды. Олар екеуі ғана тұрды, сондықтан Алматыға көшіріп алып келдім. Оларға күтуші алып қоймаймын ғой, ақшаға жұмыс істейтін адам дұрыс қарамайды, үйді жинап, тамағын істеп кетеді. Жаны ашымайды. Оны алған себебім де осы, ата-анама қарайтын адам керек болды. Осындай жағдайға көнетін жар іздедім, Катя көнді, сол үшін оған алғысымды білдіремін. Әкемнің көп жасағаны, анамның қазіргі жағдайы – Катяның арқасы. Мен үшін ата-анамның көңілі бәрінен биік болды, олардың өмірден риза болып кеткенін қаладым. Ата-ананың ризалығын алмай, басқа істеген ісің мен дұғаң, тіпті қажылыққа бес рет барып келсең де ол қабыл болмайды", – деді ол.