сенбі, 21 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 45 05.12.2023 15:45

Шымкентте 28 жастағы ұлын өлтірген әке ұсталды

Шымкентте өз ұлын өлтірген әке ұсталды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Шымкентте 28 жастағы ұлын өлтірген әке ұсталды. 

1 желтоқсанда Шымкенттегі көпқабатты үйлердің бірінде қатыгездікпен кісі өлтіру орын алған болатын.

Үйге келген анасы 28 жастағы ұлының мәйітін көрген. Оның мойын аймағында көптеген пышақ жарақаттары болған.

Көршілер өлген азамат туралы жылы естеліктерін айтты. Олардың сөзінше, жігіт ешкіммен жанжалдаспайтын болған, ал оның әкесі психикалық аурумен есепте тұрған.