сенбі, 27 шілде 2024
Әлем 19 05.12.2023 15:54

Танзанияда жаңбырдың салдарынан 63 адам қайтыс болды

Танзанияның солтүстігінде толассыз жауған жаңбыр жауып, 63 адам қаза тапты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Бұл туралы шетелдік БАҚ жариялады. Танзанияда жаңбырдың салдарынан 63 адам қаза тауып, 100-ден астам адам жарақат алды,

Жергілікті биліктің хабарлауынша, 2 желтоқсан күні жауған жаңбырдың соңы үлкен салдарға алып келді.  

"Біз 63 адамды жоғалттық, оның ішінде 23 ер адам мен 40 әйел бар", - деді Танзания премьер-министрі Касим Маджалива.