сенбі, 21 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 13 05.12.2023 16:48

Оқу-ағарту министрі хиджаб туралы айтты

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев хиджаб туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Министр хиджаб киюге қатысты мәселеге әлдеқашан нүкте қойылғанын мәлім етті.

Бұл мәселенің түйіні айтылған. Жалпы, білім мекемелері оқу мен тәрбие беруге арналғандықтан, оларды да дұрыс түсіну керек. Мектепке бала келгеннен кейін форманы сақтауы, мектепішілік тәртіпке бағынуы тиіс. Ата-аналардың ең басты мақсаты – балаларының білімді әрі мықты азамат болып қалыптасуы. Сондықтан да, ата-аналарға басты мәселеден ауытқымауымыз керек екенін айтқым келеді, - деді минитср.