сенбі, 21 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 26 06.12.2023 13:45

Тәуекел Мүслім алғаш рет әкесі туралы айтты

Қазақстандық танымал актер Тәуекел Мүсілім әкесі туралы айтты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Ол ютубтағы подкаст жобаларының бірінде әкесі жайлы жан-сырын айтты.

Актер кішкентай кезінен бері әкесімен көп араласпаған. Әке тәрбиесін көрмей өскенін де жасырмады.

Әке тәрбиесін көрмей өскендіктен, ол кісі туралы жарытып  ештеңе айта алмаймын. Анам біздің араласуымызға қарсылық танытқан жоқ. Тоғызыншы сыныпта әкеммен үш айдай бірге жүрдім.  Әкем спортқа жақын еді. Поэзияны, өнерді сүйетін. Кез келген отырысты жандырып жіберетін. Ол кісіге ұқсаймын деп айта алмаймын. Кейде үндемей қалатын жасықтау мінезім бар. Әкемнің қолында өскен болсам, мінезім басқаша болар ма еді, – дейді өнер иесі.