сенбі, 21 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 8 06.12.2023 14:52

Елімізде ауа райы -42 градусқа дейін төмендеуі мүмкін

«Қазгидромет» РМК елімізде 7-9 желтоқсан күндеріне арналған ауа райының болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Республика аумағында ауа температурасы -42 градусқа дейін төмендеуде.

Түнгі сағаттарда ауаның температурасы батыста -10-20 градусқа дейін, солтүстік-батыс және солтүстікте -28-38 градусқа дейін, республиканың қиыр солтүстігінде -42 градусқа дейін, орталықта және шығыста – -28-33 градусқа дейін төмендейді, ал оңтүстікте -5-13 градус суық болады. Республика бойынша тұман түсіп, елдің оңтүстігінде жел күшейеді, делінген хабарламада.