сенбі, 21 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 142 06.12.2023 16:37

Кәсіпқой боксшы өмірден өтті

Тоқсаныншы жылдар басындағы кәсіпқой боксшы Есболат Нұрманов қайтыс болды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Боксшы 53 жасында қайтыс болды. Ол отандық былғары қолғап шеберлері арасында кәсіпқой боксқа алғаш болып қадам басқандардың бірі еді.

«Суыт хабар.... арамыздан Әйгілі, атақты боксер Есболат Нұрманов мәңгілік мекеніне кетіпті. Егемен елдің тұңғыш кәсіпқой боксшы, 17 жасында бокстан СССР құрама командасының мүшесі болған, халықаралық дәрежедегі спорт шебері еді. Ол Арал өңірінің тумасы. Екеуміз сонау 1987 жылы Ленин атындағы ҚазПТИ-ныңгидрогеология, барлау техникасы факультетінде бір топта оқыдық. 1990 жылдардың ортасынан Кеден қызметінде жұмыс істеді. Иманың саламат болсын», – деп жазды Ғабиден Жәкей әлеуметтік желідегі парақшасында.