сенбі, 21 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 12 07.12.2023 10:6

Абайда өртенген орманды қайта қалпына келтіруге 40 жыл уақыт керек

Абай облысында өртке оранған орманды қайта қалпына келтіруге 40 жыл уақыт керек екені айтылды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы КТК-ға сілтеме жасап.

Абайда күлге айналған қарағайлы орманды қалпына келтіруге 40 жыл уақыт керек. Қызыл алаудан 6 миллион текше метр ағаш жарамсыз болып қалғаны айтылған.

 Сондықтан мамандар өртенген 65 мың гектарға жуық алқапты тазартуды ақпан айынан бастауды жоспарлауда. "Семей орманы" МТОР бас директорының орынбасары Ғани Алпысшаловтың айтуынша, орманды қалпына келтіруге 40 жыл уақыт қажет екен.

Енді біз оны тұқымбақта екі жыл бойы өсіреміз, жеткіземіз. Содан кейін ол ағаштарды алып орманға отырғызамыз. Сонда бір ағаштың өсіп-жетілуіне, үлкен орманға айналуына 40 жыл уақыт керек", - дейді ол.