жексенбі, 8 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 15 07.12.2023 11:8

Мемлекет басшысы қазақ футболының болашағы туралы айтты

Мемлекет басшысы футболға қолдау танытатынын айтты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Ел Президенті Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барды. Тоқаев Мәртөк ауданы Саржансай ауылындағы спорт кешенінде болып, футболдың болашағы туралы сөз қозғады. 

"Президент футболдың болашағы зор екенін, аталған спорт түрін дамытуға қажетті қолдау көрсетілетінін атап өтті", - делінген Ақорда хабарламасында.

Айта кетейік, мемлекет басшысы бүгін жұмыс сапарымен Ақтөбе қаласына барып, аймақтың экономикалық даму барысымен және жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобаларымен танысты.