сенбі, 21 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 32 07.12.2023 18:2

Мадияр Серікбаев ауыл азаматтарынан ерекше сый алды

"Өнер қырандары" театрының басшысына концерт үстінде ат мінгізді, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

"Өнер қырандары" әзіл-сықақ театрының басшысы, актер Мадияр Серікбаевқа театр көрермендері ат мінгізді. Әнші бұл жаңалықты әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен.

"Сарыбастау" елді-мекенінің азаматтары сахнада өнер көрсетіп жатқан әртістерге сыйлық табыстаған. Олар театр басшысы Мадияр Серікбаевқа ел алдында ат мінгізіп, асқан сыйластық көрсетті.

"Өнер қырандары" 15 жыл бұрын алғаш концерт қойған Сарыбастау ауылының азаматтары ат мінгізді. Алла разы болсын", - делінген видео астында. 

Әртіс ауыл азаматтарына өз алғысын айтты.