сенбі, 21 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 11 07.12.2023 18:9

Ақтөбе-Орынбор тас жолында 4 көлік соқтығысты

7 желтоқсанда Ақтөбе-Орынбор автожолында жол апаты болды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Ақтөбе-Орынбор Құрайлы ауылының маңында орналасқан Жібек жолы жанармай құю станциясына қарама-қарсы бетте төрт автокөлік соғысып, жол апаты болды.

35 жастағы көлік жүргізушісі Toyota Rav-4 автокөлігін  жол және метеорологиялық жағдайына қарамастан, ВАЗ-2115 автокөлігінің сүйреуінде болған ВАЗ-2112 автокөлігімен соқтығысады.

Соқтығысудан Toyota Rav 4 өзінің қозғалыс бағытын өзгертіп, қарсы жолаққа шығады. Осы тұста қарсы бағыттағы Toyota Camry автокөлігімен соқтығысқан. Toyota RAV 4 және Toyota Camry автокөліктерінің жүргізушілері ауруханаға жеткізілді.