сенбі, 21 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 9 08.12.2023 9:28

Самбо бапкері өз шәкіртін зорлады деген күдікке ілінді

Талдықорғанда ер адам шәкіртін зорлады, деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Өңірлік Полиция Департаменті Жетісу облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы болып жұмыс істейтін 25 жастағы ер азаматты ұстаған. Ол самбо бапкері болған. 

Жаттықтырушы өз шәкірттерін зорлады деген күдікке ілініп отыр.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті ұсталып, қамауға алынды», - делінген аталған хабарламада.