сенбі, 21 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 12 08.12.2023 10:34

Степнагорскте болған апат салдарынан бірнеше үйлер жылусыз қалды

Степногорскте апат салдарынан бірқатар көпқабатты үй жылусыз қалды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

7 желтоқсанда Степногорск қаласындағы Славского және Целиноград көшелерінің қиылысындағы Д-600 жылу магистралінде ақау орын алған. 

Сағат 21:45-те магистральде апат болып, тұрғындар жылудан ажыратылды. Ал қаладағы ауа температурасы -30 градусқа дейін жетіп отыр.

Оқиға орнына Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов арнайы келіп, оқиғаның мән-жайымен танысты.

"Оқиғаның мән-жайы анықталды, қазір апатты жою үшін жұмыс істеп жатырмыз, сондықтан барлығы бақылауда", – деді Марат Ахметжанов.