сенбі, 21 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 41 08.12.2023 12:52

Елімізде ауа райы суытып, аяз күтілуде

Елімізде ауа райы суытып, мектепке жету қиындады, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Суық Солтүстік-батыс антициклонының енуімен республиканың басым бөлігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасының күрт төмендеуі күтіледі.

Әсіресе түнгі сағаттарда ауа температурасы батыста 10-20 градус аязға дейін, солтүстік-батыста және солтүстікте 28-38 градус аязға дейін деп күтілуде. Еліміздің қиыр солтүстігінде 42 градус аязға дейін, республиканың орталығында және шығысында 28-33 градус аязға дейін, Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде 5-13 градус аязға дейін төмендейді.

Ал  Астана қаласы Білім басқармасы 8 желтоқсан күні екінші ауысымның оқушылары қашықтықтан оқитынын хабарлады.

2023 жылдың 8 желтоқсанында ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, - делінген хабарламада.