жексенбі, 8 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 32 08.12.2023 13:35

Қазақстандық спортшы әлем біріншілігінде күміс жүлдені иеленді

Қазақстандық спортшы Михаил Шайдоров әлем біріншілігінде күміс жүлдені иеленді, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Жағымды жаңалықпен Спортты дамыту дирекциясы Instagram-дағы ресми парақшасында жазды.

Мәнерлеп сырғанаушы Golden Spin of Zagreb-2023 жарысында күміс жүлде жеңіп алды. 

Ол қос жаттығудың нәтижесінде 235.29 ұпай жинады.

Алтын жүлде қытайлық спортшы Цзинь Боянның (258.67 ұпай) еншісінде. Қола медаль эстониялық Александр Селевкоға (224.24 ұпай) бұйырды.