сенбі, 21 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 209 08.12.2023 15:42

Келесі жылы уақыт белдеуі бір сағатқа кері жылжуы мүмкін

“Ашық НҚА” порталында “Қазақстан аумағында уақыт есептеу тәртібі” туралы 2000 жылғы 23 қарашадағы қаулыға өзгерістер енгізу туралы қаулы жарияланғаны белгілі болды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Қазақстан Республикасының аумағы 5-шi сағаттық белдеуде орналасады. Осыған орай бірнеше өңір 2024 жылы наурызда жергілікті уақытты бір сағатқа артқа жылжитыны айтылды,

“Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері 2024 жылғы 29 ақпаннан 2024 жылғы 01 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа ауыстырсын”, – делінген құжатта.