сенбі, 21 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 110 08.12.2023 16:41

Жол жиегінде дөңгелек ауыстырған жүргізушілер қайтыс болды

Батыс Қазақстан облысындағы тасжолда көлік дөңгелегін ауыстырған екі ер адам көз жұмды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Өңірлік Полиция Департаменті таратқан ақпарат бойынша, қайғылы оқиға 8 желтоқсанда Орал-Атырау автожолындағы қалалық зиратқа қарама-қарсы тұста болған.

"Toyota Ipsum жүргізушісі жылдамдық режимін асырып, "қауіпті бұрылыс" белгісінің талаптарын сақтамай, дөңгелекті ауыстыру үшін жүргізушісі тоқтаған жол жиегіндегі Opel автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Opel жанындағы екі ер адам (жүргізуші мен жолаушы) жол-көлік оқиғасы болған жерде қаза болды", - деп хабарлады БҚО полиция департаментінің өкілдері.