сенбі, 21 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 28 08.12.2023 18:1

29 жастағы тұрғын дүкеннен 13 рет ішімдік ұрлаған

Хромтау тұрғыны қымбат алкогольді дүкен сөресінен 13 рет ұрлаған, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы El.kz-ке сілтеп.

Бір ай ішінде дүкеннен 13 рет ішімдік ұрлаған Хромтау тұрғыны ұсталған.

29 жастағы ер адам бір айда Хромтау қаласында орналасқан супермаркеттердің бірінен ішімдік ұрлаған. Кейін ол бұл әдетін тоқтатпай, артынша 13 рет келіп, әрқайсысында 1 бөтелке алкоголь өнімін жасырын жымқырып отырған.

Дүкен сөресіне қойылған бөтелкелердің ішінде оны құны 8 мың және 9 мың теңгені құрайтын виски өнімдері ғана қызықтырған.

Ал сөредегі ішімдіктің жоғалғанын дүкен иесі кеш байқаған. Бұл туралы ол желтоқсан айының басында біліп, полицияға арызданды. Ұрланған алкоголь өнімдерінің салдарынан 43 жастағы кәсіпкерге келтірілген шығынның жалпы көлемі 100 мың теңгеден асқан.