сенбі, 21 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 23 08.12.2023 20:53

Ақмолалық тұрғын үйлену тойына ақша жинау үшін ұрлық істеген

Ақмолалық тұрғын үйлену тойы үшін мал ұрлағаны белгілі болды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы Polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеп.

Ақмолалық полицейлер мал ұрыларын ұстады.  "Мал ұрлады" деген күдіктлердің бірі алдағы болатын үйлену тойына ақша тапқысы келген. Ведомствоның берген мәліметінше, Целиноград ауданының екі тұрғыны Ақмола аумағында 20 бас ұсақ мал ұрлап, 1 млн теңгеге шығын келтірген деген ақпарат тарады. Ал екінші жәбірленуші - аталған елді мекеннің тұрғыны екені белгілі болды.

Екі дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 Заттай дәлелдемелер ретінде ұрланған малдың терілері, сондай-ақ ұсталғандардың сатып үлгермеген үш тұтас еті тәркіленген. Сондай-ақ мұндай қылмыстық жолмен ұсталғандардың бірі алдағы үйлену тойына ақша тапқысы келгені анықталған.