сейсенбі, 2 шілде 2024
Саясат 6 09.12.2023 9:25

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заңнама қатаңдатылмақ

Фото: akorda.kz

Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы қылмыстық заңнама қатаңдатылатыны айтылды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Бұл туралы Президенттің адам құқықтары мен заңдылықты қамтамасыз ету саласындағы іс-шаралар жоспары туралы жарлығында айтылды.

Іс-шаралар жоспарында "тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы қылмыстық заңнаманы қатаңдату" көрсетілген.

Үкіметке тиісті заң жобасын әзірлеу тапсырылды. Іске асыру мерзімі – 2024 жылдың қаңтары деп көрсетілген.

Ішкі істер министрлігіне мүмкіндігінше әйел қызметкерлерді тартып, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған бөлім құру тапсырылып отыр.