сенбі, 21 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 53 10.12.2023 10:17

Бір топ мәжіліс депутаты "Адал тұлға" марапатын алды

Бір топ мәжіліс депутаттары "Адал тұлға" сыйлығымен марапатталды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

9желтооқсан, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық күрес күні қарсаңында бірқатар депутат lX Ұлттық сыйлығы "Адал тұлға" медалімен марапатталды.

"Адал тұлға" медалін кеудеге таққан депутаттар - Ермұрат Бапи, Ерлан Саиров, Бақытжан Базарбек, Қазыбек Иса, Ринат Зайытов және Мақсат Толықбай.

Бұл туралы Мақсат Толықбай инстаграм парақшасында жазды.

"9 желтоқсан - халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күні — ІХ ҰЛТТЫҚ сыйлығы.  "Адал тұлға" медалімен марапатталған әріптестерім Ермұрат Бапи, Ерлан Саиров, Бақытжан Базарбек, Қазыбек Иса, Ринат Зайытовты құттықтаймын", - деп жазды депутат.

Ал оқырмандары депутаттарды марапатымен құттықтап, алдағы жұмысына табыс тілеуде. Тіпті желі қолданушылары депутаттарға "Бүгінгінің Алаш көсемдері" деген атақ беруде.