сенбі, 21 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 10 10.12.2023 14:6

Қазақстаннан Палестинаға гуманитарлық жүк жіберілді

Қазақстан Палестина халқын қолдауға гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Мемлекеттік материалдық резервтен азық-түлік және төсек-орын жабдықтары түріндегі гуманитарлық жүк пен "СК-Фармация" ЖШС дәрілік заттары мен медициналық бұйымдары жүк ұшағымен жіберілді.

Көмекке жіберілген тізбеде барлығы 14 тауар түрі бар. Ал жіберілген көмек жүгінің жалпы көлемі 38 тоннадан асады.

Жүк "Қызыл Жарты Ай" қоғамының өкілдеріне берілетін болады.