сенбі, 21 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 8 10.12.2023 15:39

Жүргізуші көлік тізгінін басқара алмай, көпірдің қоршауына соғылды

Фото: Абай облысы ПД

Жүргізуші көлік тізгінін басқара алмай көпірге соқтығысты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Абай облысының Полици Департаменті 20 жастағы көлік жүргізушісінің өлім аузынан аман қалғанын айтады.

"20 жастағы жүргізуші рульді басқара алмай, қаланың сол жағалауы бағытында көпірмен жүріп келе жатып, қоршалған металл қоршауға соғылған, - деп хабарлады полиция.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары аяздың салдарынан жер тайғақтанып, көлікте жүру жылдамдығын арттырмауға кеңес береді.