сенбі, 21 қыркүйек 2024
2 11.12.2023 11:53

Шымкентте жол апатына ұшыраған әйел аман-есен босанды

Шымкентте жантүршігерлік жол апатына түскен әйел адам босанды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Жантүршігерлік оқиға Тәуке хан даңғылы мен Аймауытов көшесінің қиылысында болған еді. Қатты соққы салдарынан ВАЗ көлігінің түгі қалмаған. Екінші соқтығысқан Toyota көлігі бірден жанып кетті.

Көлікте болған ер адам мен оның аяғы ауыр әйелі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізіліп, көмек көрсетілген.

Алайда 27 жастағы ер адам 6 күн бойы комада жатып, есін жимастан қайтыс болды.

Қазір әйелдің өмірі мен сәбидің денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, жәбірленушілер палатаға ауыстырылды.