сенбі, 21 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 90 11.12.2023 12:25

Алматыда полицейлер 14 жасар қызды зорлағаны айтылды

Алматыда 2 полицей 14 жасар қызды зорлаған, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Бұл ақпаратты ішкі істер министрі Ержан Сәденов растап отыр.

“Алматыда екі полиция капитаны 14 жасар жасөспірім қызды зорлағаны туралы фактіні растай аласыз ба? Бұл рас болса, күдіктілер ұсталды ма?, – деп сұраған журналистке министр:

“Өкінішке орай, бұл факт орын алған. Бұл қылмысты жасағандар қазіргі уақытта – бұрынғы қызметкерлер. Дереу тәртіптік комиссия құрылып, бұл адамдар келеңсіз себептерге байланысты жұмыстан босатылды. Қылмыстық іс аясында олар да қамауға алынды”, – деп жауап берді Ержан Сәденов.