сенбі, 21 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 20 11.12.2023 14:28

Қостанайда 7 адам үйіндінің астында қалып, төтенше жағдай жарияланды (ВИДЕО)

Қостанайда үй опырылып, салдарынан жеті адам үйінді астында қалды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы"Наша газета" басылымына сілтеп.

Оқыс оқиға 11 желтоқсан күні сағат 12:36 шамасында Амангелді тұрғын алабындағы мекен жайлардың бірінде болған.

Төтенше жағдайлар департаментінің алдын ала мәліметінше, газ-ауа қоспасы жарылып, бір қабатты ғимарат опырылып құлаған. Шамамен 7 адам үйінді астында қалды.

Оқиға орнында жедел штаб құрылады.