сенбі, 21 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 5 11.12.2023 14:42

Президент облыстарда болған коммуналдық апатты тез арада шешуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төрт өңірдің әкімдерімен жылу беру мәселесін талқылады, деп Teznews.kz ақпараттық порталы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Атырау, Қарағанды, Павлодар, Маңғыстау облыстарының әкімдері аймақты жылумен және сумен қамтамасыз ету мәселесі жөнінде есеп берген болатын. Президент апат болған учаскелердегі жағдайды шұғыл реттеуді тапсырды. Ол халықты жылумен және сумен қамту ісін тез арада қалпына келтіруді және барлық елді мекендегі коммуналдық желілердің үздіксіз жұмысын жолға қоюды талап етті.

Әкімдер үкіметке жылыту маусымына дайындық кезінде олқылықтар жіберілгені туралы айтты.