сенбі, 21 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 16 11.12.2023 19:28

Қостанайда үйінді астында қанша адам қалғаны белгісіз

Қостанайда үйінді астында қалған адамдардың нақты саны белгісіз, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеп.

Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Қайрат Қасымның мәліметінше, төтенше жағдай КамАЗ орталығының аумағында болған.

Тұрғын үйде газ-ауа қоспасы жарылған.

"Сағат 15:00-дегі жағдай бойынша үйінді астынан 3 адамды шығарып алдық, олардың біреуі ауыр (жарақат алды - ред.) Қазіргі уақытта барлығы 13 адам (шығарылған - ред.) - оларға медициналық көмек көрсетілді", - деді облыстық ТЖД басшысы.

Қазір оның екеуі үйіне жіберілді, 7 адам ауруханада жатыр.