жексенбі, 8 қыркүйек 2024
Білім 97 12.12.2023 8:42

Бірнеше өңірде мектеп оқушылары қашықтықтан білім алады

Ауа райына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде білім алушылар онлайн форматқа ауыстырылды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Елорданың білім басқармасы Астанада аяздың күшеюіне байланысты 12 желтоқсанда бірінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері сабақты онлайн оқитынын айтты.

Ақтөбе қалалық білім бөлімі бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның сабағы онлайн форматқа ауыстырылғанын мәлімдеді. Демек 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды.

Қарағандыда 12 желтоқсанда қатты аязға байланысты бірінші және екінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары қашықтан оқитыны хабарланды.

Көкшетауда да -36℃ аязға байланысты бірінші ауысымның 1-11 сынып оқушылары онлайн оқитын болды.