сенбі, 21 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 39 12.12.2023 10:11

Костенко шахтасында 46 кеншінің өліміне себепкерлер анықталды

Қарағандыда бірнеше кеншілердің өліміне әкелген Костенко атындағы шахтада болған жарылыстың себебі анықталды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Үкіметтік комиссия тексеруді аяқтады. Жарылыстың қорытындысын жариялап, себебін анықтады. Мамандар конвейерлердің біріндегі үйкеліс әсерінен пайда болған механикалық ұшқыннан болғанын хабарлады.

Қайғылы оқиға 28 қазанда болған еді. Алдымен жер астында өрт шыққаны белгілі болып, кейін жарылыс орын алды.

Ол кезде шахтада 252 кенші болғаны айтылуды. Оның 46-сы жер бетіне шыға алмай, қайтыс болды. Кеншілер мәйіттерінің қалдықтарын іздеу бір аптаға жуық уақытқа созылған болатын.

46 кеншінің өліміне 19 адам кінәлі деп танылып, 7 адам ұсталды. Олардың барлығы да Қазақстан азаматтары. Бұлар Костенко атындағы шахтаның жетекші инженерлік-техникалық қызметкерлері.

Олар басқалармен қатар кәсіпорындағы техникалық жағдайларды бақылауға тиіс болған.