сенбі, 21 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 54 12.12.2023 12:17

Роза Әлқода келініне жасаған тосынсыйын айтты

Әнші Роза Әлқожа жаңа түскен келініне ерекше тосынсый жасаған, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы El.kz агенттігіне сілтеп.

Әнші Instagram-да келініне жасаған тосынсыйын көрсеткен. Ол 700 адамға арнап той жасап, ұлының қуанышын көппен бөлісті.  Оқырман қауым ене мен келіннің арасындағы жылы қарым-қатынасты жоғары баға берді.

Жаңа үйленгенде, үйге үйренісе алмай жүргенде күйеуіңнен басқа ешкім қызық болмайды ғой. Бар баққаның, бар күткенің бір адам. Ал ол өзінше боп жүреді дегендей.

Сәлемі, орамалы бәрі де бар. Тек қалаға, қыдыруға шыққанда жалаңбас жүре бер деп рұқсат бердік. Маған да сөйткен. Жалпы, Алматы облысында қатты заң жоқ.

Кеше Ясинаға жейде әпер деп Әсемді сауда үйіне жібергенмін. Өзім салонда едім. Идея деген ойда жоқта келеді емес пе?! Келінге күтпеген жерден кеше салонда отырып осылай жаздық та жасадық. Келінжанның аппақ ниеті шығар?! Көңіліңе құдай берсін, - деп жазды Роза Әлқожа.

Жақында ғана ұлын үйлендірген Роза Әлқожа жас келініне тосынсый жасаған. Өнер иесі хаттар жазып, келініне таңдау жасау керектігін айтқан.

Жас келін күйеуімен бірге Шри-Ланкаға демалысқа баруды таңдаған.