сенбі, 21 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 66 12.12.2023 16:52

Бақыт Шадаева күйеуімен ажырасса да, экс-енесімен жақсы араласатынын айтты

Бақыт Шадаева күйеуімен ажырасса да, енесімен араласатынын айтты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы  KYN.KZ-ке сілтеп.

Өнер иесі "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында жолдасымен ажырасса да оның анасымен әлі күнге араласатынын айтты.

"Мен өте тәртіпті келін болдым. Бірінші енеммен әлі күнге қарым-қатынасым жақсы. Мені жақсы көреді. Олар Алтайда тұрады. Үлкен қызыммен жақсы араласады. Қызым әкесімен де араласады. Байланыс үзілген жоқ. Бірақ мен бұрынғы күйеуіммен араласпаймын", - деді Бақыт Шадаева.
 

Ол бірінші күйеуімен ажырасу себебін де айтқан болатын:

"Екі рет тұрмыс құрдым. Бірінші жарыммен үш жыл тұрдық, ортақ бір қызымыз бар. Ол да өнер адамы еді, опера және балет бағытында жұмыс істейтін. Екеуміз де өнерде жүргендіктен, арада түсініспеушіліктер болды. Ол көбіне менің жолыма тосқауыл қоятын. Қызғаныш та жоқ емес. Осының бәрі шегіне жеткен соң, онымен ажырасып кеттім", - деген еді әнші