сенбі, 5 қазан 2024
Жаңалықтар 9 13.12.2023 9:59

Жамбыл облысында түн ортасында мыңдаған үй жылусыз қалған

Жамбыл облысында мыңға жуық үй жылусыз қалды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы 24.kz арнасына сілтеп.

Жамбылда түн ішінде магистральды газ құбыры жарылып, 5 елді мекендегі 980 үй жылусыз қалды.

Елдімекендердегі 8 әлеуметтік нысан қақаған қыста жылудан ажырап қалған. Апат Гродеково ауылында 22:10 шамасында болған екен.

Жауаптылардың айтуынша, құбыр қысым әсерінен жарылған болуы мүмкін. Қазір сала мамандары 20 метрден асатын құбырдың бөлігін жалғап жатыр.

"Апатты қалпына келтіру жұмыстары шамамен 4-5 сағат жүргізіледі деген ойдамыз. 10 жерден дәнекерлеу, жалғау жұмыстарын жүргізу керек. Әлеуметтік нысандардан - 4 мектеп, 2 балабақша, 2 медициналық ғимарат жылусыз тұр. Оған байланысты жанар-жағармаймен жұмыс істейтін арнайы құрылғы насостармен олардың жылу жүйесін айналдырып, қатып қалмау үшін әрекет жасауда", - деді Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібеков.