сенбі, 5 қазан 2024
Білім 53 13.12.2023 10:55

Алматыда бөлім басшысы 12 млн теңге пара алуға тырысқан

Алматыда білім басқармасының бөлім басшысы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Білім басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты тергеп-тексеру жұмыстары аяқталды. Қала прокуратурасы жетім балалар мен оқушыларға арналған лагерьді ұйымдастыруда жеткізуші компанияны конкурстың жеңімпазы деп танығаны үшін бөлім басшысының пара алуға тырысқанын анықтады.

12 млн теңге пара алуға тырысқан фактісі бойынша қылмыстық істі сотқа жіберді.

“Сондай-ақ қала прокуратурасының нұсқауы бойынша лауазымды тұлғаларды заңда белгіленген жауаптылыққа тарту үшін Алматы қаласының әкімдігіне қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді”, – делінген ведомство жазбасында.