сенбі, 5 қазан 2024
Жаңалықтар 41 13.12.2023 12:55

Түркістанда оқушы қызды өлтіріп, арыққа лақтырғандарға қатысты үкім шықты

Түркістан облысында кәмелетке толмаған Аружан Орынбайды бопсалау және өлтіру дерегі бойынша сот процесі аяқталды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Қыздың өліміне кінәлі болуы мүмкін деген айыппен екі күдікті ұсталған болатын.

Қайғылы оқиға 2023 жылдың сәуір айында болды.

Іс материалдарына сәйкес, сотталушылардың бірі Аружанның жартылай жалаңаш суретін досына жібергені анықталды. Ал екіншісі қызды бопсалап, одан 1 миллион теңге сұрайық деп ұсыныс тастаған.

Алайда досы бұл әрекетке көнбей, екі тарап арасында ұрыс болған.  Соңғы кездесуде екі ер адам мен жәбірленушінің арасында жанжал шыққан. Күдікті қызды екі рет пышақтап, кейін каналға лақтырып жіберген. 

"Сот үкімімен бір сотталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің "Бопсалау" және "Адам өлтіру" баптары бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Екінші сотталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 434-бабы – "Қылмыс туралы хабарламау" бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды", – деді Түркістан облыстық сотының баспасөз хатшысы Әсет Серікбай.