сенбі, 5 қазан 2024
Жаңалықтар 63 13.12.2023 15:30

Алматыда бір топ ер адам 18 жастағы қызды зорлаған

Алматыда 18 жасар қызды бір топ ер азамат зорлағаны анықталды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Бұл туралы "Не молчи" қорының басшысы Дина Таңсәрі әлеуметтік желіде жариялап, хабардар етті.

Белгілі болғандай, аталған жағдай осы жылдың 16 қарашасынан 17 қарашасына қараған түні болған. Төрт ересек адамдар қызды зорлаған.

Қыз бала 16 қарашадан 17 қарашаға қараған түні әпкесі және әпкесінің құрбысымен дүкенге барған. Қайтар жолда құрбы қыздары өздерін нашар сезініп, көлік тоқтатқан. Көлік иесі қыздарды жеткізіп тастайтынын айтқан. Қыздарды үйіне жеткізген көлік жүргізуішісі машинада бір заттардың қалып қойғанын айтқан. Бойжеткен осы заттарды алмақшы болған сәтте жүргізуші оны көлікке итеріп кіргізіп, алып кеткен, - делінген ақпаратта.

Жәбірленушінің анасы сараптамаға жүгінгенін айтты. 

Қазір қызыма психологиялық көмек көрсетілуде, адвокат жұмыс істеп жатыр. Кінәлілер анықталып, жазаланса екен, - дейді анасы. 

Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі түсініктеме берді.

Алматы қалалық полиция департаменті аталған дерекке байланысты Жетісу аудандық полиция басқармасының ҚР ҚК-нің 121-бабы 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық істі тергеп жатқанын хабарлайды. Күдіктілердің бірінің жеке басы анықталды. Қылмыстың басқа да қатысушыларын ұстау шаралары жүргізілуде. Сонымен қатар, істің объективті мән-жайларын анықтауға бағытталған жедел іздестіру шараларының кешені жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, – дейді Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.