жексенбі, 6 қазан 2024
Спорт 12 22.12.2022 16:45

Роналду жаңа клубқа ауысуы мүмкін

tengrinews.kz

Криштиану Роналду жаңа клубпен келіссөз жүргізу үшін Сауд Арабиясына барды.

 37 жастағы футболшы "Әл-Наср" клубының базасы орналасқан Эр-Рияд қаласына барған. Енді ол клуб басшылығымен келіссөз өткізіп, келісімшартқа қол қоймақ.

Мұның алдында арабиялық клуб Криштиануға 2025 жылға дейін келісімшарт ұсынып, маусымына 200 миллион еуро төлеуге дайын екені хабарланған болатын.