сенбі, 5 қазан 2024
Жаңалықтар 97 14.12.2023 16:15

Анель Кенжебекова ата-анасының үйі қанша тұратынын айтты

Блогер, актриса Анель Кенжебекова өз үйін көрсетті, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

"Анелья" есімімен танымал блогер «Жұлдызды шаңырақта» бағдарламасында өзінің қымбат тұратын баспанасын көпшілікке көрсетті.

Үйді мен алған жоқпын, оны ата-анам алды. Көбі қайда тұратынымды біледі, стористардан көріп жатады. Бұндай үйлер аз ғой, Алматыда енді салынып жатыр, - дейді блогер қыз.

Актрисаның сөзінше, ата-анасының алған баспанасының құны 400 миллион теңгені құрайды екен.

Осы үйде тұрып жатқанымызға 3 жыл болды. Мұнда көшіп келген кезде мен енді ғана блогерлікті бастаған едім. Бұл үйге ақша құйдым деп айта алмаймын. Ол – таза ата-анамның еңбегі, - деді ол.