сенбі, 5 қазан 2024
Жаңалықтар 18 14.12.2023 17:14

Кентауда жылу электр орталығы төрт қазандық түгел өшті

Кентау жылу электр орталығындағы төрт қазандық түгел өшіп қалды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Энергетика министрлігі 13 желтоқсан күні сағат 20:16-да ЖЭО-да электр жүйесіне қосылатын электр беру желілері істен шыққан кезде төрт қазандық та өшіп қалғанын айтты.

Дегенмен, 20.34-те режим қалпына келтірілді.

Сондай-ақ басқарма жылу электр орталығындағы № 5, 6, 7, 12 қазандықтардың жөндеу жұмыстары аяқталғанын хабарлады.

"№8, 11 қазандықтарды жөндеу жұмыстары 58 пайызға орындалды. Жөндеу жұмыстарын 20 желтоқсанда аяқтау жоспарланып отыр. №9, 10 қазандықтарды жөндеу жұмыстары 50 пайызға орындалды. Жөндеу жұмыстарын 2024 жылдың 30 наурызында аяқталады деп күтілуде. Жылу желілерінің кестесі 70/45, нақты 68/440С", - делінген хабарламада.