сенбі, 5 қазан 2024
Жаңалықтар 24 14.12.2023 18:55

Ауа райына байланысты кейбір көліктердің жүруіне шектеу қойылады

Еліміздің республикалық маңызы бар жолдарында ауа райының нашарлауына байланысты көлік қозғалысына шектеу енгізілуде, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Атап айтқанда, солтүстік аймақтарда қатты аязға байланысты қоғамдық көліктер мен дизель отынымен жүретін көліктердің қозғалысына шектеу қойылған. Бұл туралы көлік министрлігі ресми сайтында хабарлады.

Ведомство мәліметінше, елдің солтүстігінде ауа райы тұрақтанып, шектеу шаралары ауа температурасы төмендеген кезде, яғни түн мезгілінде ғана қолданылмақ. Ал күндіз жолдармен жүру қамтамасыз етілген.

"Еліміздің оңтүстік өңірлерінде, атап айтқанда Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында бұған дейін енгізілген шектеу шаралары әлі де өз күшінде. Мәселен, Күйік пен Машат асуларында бүгінгі таңда ауа-райы тұрақсыз болып тұр. Желдің екпіні сағатына 40-42 шақырымға жетеді, жолда түк көрінбейді", - делінген хабарламада.