сенбі, 5 қазан 2024
Жаңалықтар 30 15.12.2023 9:19

“Қазақстан аруы - 2023“ белгілі болды

Алматыда "Қазақстан аруы-2023" ұлттық сұлулық байқауының финалы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Биылғы байқаудың жеңімпазы  Сабина Ыдырысова болды. Ал байқауға барлығы 25 қыз қатысып, жеңімпаз тәжі мен ел сұлуы атағы үшін бақ сынады.

Конкурсқа жалпы 17 мыңнан астам қазақстандық өтінім берген. Шара Алматыдағы Республика сарайында өтті.

Қазылар алқасының құрамында Айдай Исаева, Томирис Кәкімова, Еркебұлан Тоқтар, Жәния Журинская, қырғыз дизайнері Арзубек Вонама, Анжела Пересыпкина және Мадина Сәдуақасова болды.