сенбі, 5 қазан 2024
Жаңалықтар 89 15.12.2023 12:26

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер алдағы 15-20 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

БҚО мен Атырау облысында түнде ауа райы көрсеткіші 7, -15,  4, -9 аяз, күндіз 3, -8 жылы 0, -5 ке дейін күтіледі.

Маңғыстауда түнде 0, -5-тен 7, -12 градусқа дейін болады. Ал күндіз , 0, -8 аяздан 1, -6 градусқа дейін аяз күтіледі.

Ақтөбе облысында түнде ауа температурасының ауытқуы болады, 12 -23-тен 5-15 градусқа дейін, ал күндіз 7-15-тен 0-5 градусқа жоғарылайды.

Қарағанды және Ұлытау облыстарында түнде 15, -25 аяздан 5-15 градусқа дейін, күндіз 5, -15 градус болжанған.

Шығыста 15-17 желтоқсанда ауа температурасы түнде 28, -39, күндіз 17, -25 градус күтіледі. Ал 18 желтоқсанда түнде ауа температурасының 17, -25 градустан біртіндеп 2, -10 градусқа көтеріледі. Күндіз 10, -18-ден 0, -7 градус болжанған.

Оңтүстік өңірде ауа температурасы көтеріледі.

Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарында біртіндеп ауа температурасы түнде 15, -20 градус солтүстікте таулы аймақтарда 25, -30 градус аяз күтілуде.