сенбі, 5 қазан 2024
Жаңалықтар 8 15.12.2023 13:55

“Яндекс. Такси” жауапкершілікке тартылды

«Яндекс. Такси» монополияға қарсы органға ақпарат бермегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

"Яндекс. Такси" әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

  • біріншіден, жүргізушілер үшін еңбекақыны арттыру шартының бірі ретінде, егер тапсырыс жол жүру ақысының базалық құнынан екі есе асатын болса, 14 желтоқсаннан бастап, Яндекс комиссиясын өндіріп алуды тоқтататын болды; (экономикалық әсері жылына шамамен 2 миллиард теңгеге);
  • жүргізушілер үшін қосымша бонустық бағдарлама енгізу (2024 жылы сала айналымы мен инфляцияның өсуіне байланысты 7-10 миллиард теңге);
  • тарифті қалыптастырудың ашықтығын арттыру мақсатында тарифті не үшін көтергені және қандай өзгеріс болғаны туралы негіздеме келтіре отыра, пайдаланушы қосымшасын жақсарту.
  • екіншіден, жолаушылар үшін жаңартылған «Бірге» тарифі енгізіледі, ол тіпті ең жоғары сұраныс болып тұрғанның өзінде, төмен бағамен таксиге тапсырыс беруге мүмкіндік береді (тарифті х2-ге дейін көтеруге шектеулер);
  • агрегатор такси қызметтеріне ең жоғары сұраныс жағдайында, мысалы, ауа-райының қолайсыздығында немесе мереке күндері х3-тен жоғары тарифті көтеруге шектеулер енгізеді - тоқсанына аталмыш деңгейден жоғары сапарлардың саны 5 пайыздан аспайтын болады.