сенбі, 5 қазан 2024
Жаңалықтар 25 15.12.2023 16:13

Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік бағасы қымбаттайды ма?

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев жаңа жыл қарсаңында азық-түлік бағасына қатысты сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Министр азық-түлік бағасына мониторинг жүргізілетінін хабарлады.

“Тексеру жүріп жатыр. Біріншіден, мониторингті ұлттық статистика бюросы жүргізеді. Біз бұл деректерді пайдаланамыз. Мен сізге соңғы деректерді беремін. Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасы өзгермеген, индексі 0. 19 позицияда өзгеріс жоқ”, – деді сауда министрі Арман Шаққалиев.