сенбі, 5 қазан 2024
Жаңалықтар 46 15.12.2023 17:43

Жамбыл облысында жолда қалған адамдарды құтқару үшін Қырғызстаннан көмек келді

Қырғызстан Республикасы өз құтқарушылары мен еріктілерін ауа райының қолайсыздығынан табиғи төтенше жағдай жарияланған Жамбыл облысына көмекке жіберді, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Бұл туралы Қырғызстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеме жасаған.

“Қырғызстан Республикасының төтенше жағдайлар министрлігі сағат 3.05-те кептелістерде қалған азаматтарды эвакуациялау үшін "Ақ-Жол" шекара заставасына 39 құтқарушыны, бес ауыр техниканы, бір "Ниссан" жүк көлігін, екі қарда жүретін көлікті және қажетті техниканы жөнелтті. Сағат 8.05-те Қырғызстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Қазақстан аумағына кірді. Қырғызстан мен Қазақстанның дағдарысты жағдайлар жөніндегі орталық басқармалары арасындағы келіссөздердің қорытындысы бойынша волонтерлердің бес көлікпен кедергісіз барып-қайтуы ұйымдастырылып, азаматтар қауіпсіз жерге көшірілді”, – делінген хабарламада.