сенбі, 5 қазан 2024
Жаңалықтар 35 17.12.2023 10:12

Есентай өзенінде мұзды су тасқыны жүрді

Алматыда Есентай өзенінде мұзды су тасқыны жүрді, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөзі хабарлады.

Соңғы күндері Алматыда ауа температурасы 0 градусқа дейін көтеріліп, салдарынан Оспанов көшесінің төменгі бөлігінде орналасқан Есентай өзені арнасының бойында қар мен қатқан мұз еріді. Салдарынан Есентай өзені арнасынан асты.

"Жиналған судың болжамды көлемі шамамен 15 мың текше метр суды құрайды. Есентай тұндырғышы судың үлкен массасын ұстауға арналған, тұндырғыштың астында су арнайы құбырлар арқылы кедергісіз және тасқынсыз ағып жатыр", - деп хабарлады қала әкімдігі.